Өзбекстан емделуге келген шетелдіктерден туристік өтемақыны алмайды

0
1 513

Енді Өзбекстан аумағында тұрақты тұрғылықты жері жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардан емдеу мекемелері алатын туристік (қонақүй) алымы жойылды.


Өзбекстан емделуге келген шетелдіктерден туристік өтемақыны алмайды

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2022 жылдың 11 сәуірінде заманауи медициналық қызметтер аясын кеңейтуді, үкіметтік емес медицина ұйымдарының қызметін одан әрі жетілдіруді көздейтін жарлыққа қол қойды, деп жазады Zakon.kz.

Атап айтқанда, енді Өзбекстан аумағында тұрақты тұрғылықты жері жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардан емдеу мекемелері алатын туристік (қонақүй) алымы жойылды.

Сонымен қатар медицина мекемелерінде туристік қызметтерді сертификаттау талабы (санаторийлер мен пансионаттарды қоспағанда) жойылды. Бұл ретте медицина мекемелері автоматтандырылған арнайы электронды бағдарлама арқылы келушілердің есебін электронды түрде жүргізеді.

Оған қоса шетел азаматтары, жоғары білікті және білікті мамандар санатына кірмейтін дәрігерлер үшін Өзбекстанда еңбек ету құқығын растау үшін алым мөлшері алты есеге азайтылып, бес еселенген мөлшерде өндіріледі.

Өзбекстанға қысқа мерзімге (бір айға дейін) диагностикалық және емдік процедураларды орындау, тәжірибе алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, шеберлік сабақтарын өткізу және дәрістер оқу, сонымен қатар қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін келетін шетелдік мамандарға еңбек ету құқығын растау Өзбекстан аумағында талап етілмейді.

Заңды тұлғалар әкелетін, оның ішінде лизинг шарттары бойынша жаңа медицина техникасына, жинақтаушы бөлшектерге, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарына кедендік жеңілдіктердің қолданылу мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.