Өзбекстан президенті қызметкерлерді екпе салуға міндеттейтін заңға қол қойды

0
423

Өзбекстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері адамзатқа қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмас үшін тұрғындарды екпе салуға міндеттей алады.


Өзбекстан президенті қызметкерлерді екпе салуға міндеттейтін заңға қол қойды

ERNUR.KZ. Жұмыс беруші екпе салдырмаған қызметкерді жұмысқа жібермеуге құқылы. Еңбек кодексіне осындай өзгеріс енгізілді, деп жазады Азаттық.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2 тамызда қызметкерлерді екпе салуға міндеттейтін заңға қол қойды.

"Азаматтардың денсаулығы туралы" заңның 28-бабына нақты ереже енгізілді. Ол бойынша, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері адамзатқа қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмас үшін тұрғындарды екпе салуға міндеттей алады.

Өзбекстан президенті қол қойған құжатты Олий Мажлис 27 шілдеде қабылдаса, Сенат оны 31 шілдеде мақұлдады.