Өзбекстан шахтасынан күкіртсутегі бөлінді

0
498

Ұңғыма маңында тұратын азаматтар шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа көшірілді.


Өзбекстан шахтасынан күкіртсутегі бөлінді

ERNUR.KZ. 1 қыркүйек күні сағат 15:17 шамасында «Тәуелсіздікке - 25 жыл» кен орнына қарасты Байсун ауданы «Құлқамыш» махалласында орналасқан №604 ұңғымада технологиялық талаптарды бұзу салдарынан күкіртсутек бөлінді, деп жазады inform.kz.

Басылымның хабарлауынша, ұңғыма маңында тұратын азаматтар шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына облыс әкімі мен тиісті ұйым өкілдері келді. Төтенше жағдай аймағында ауаның ластану деңгейін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.