Өзбекстанда "Амбронол" шәрбаты сатылымнан алынды

0
698

Ол нормативтік құқықтық құжатта көрсетілген құрамға сәйкес келмейді.


Өзбекстанда

ERNUR.KZ. Өзбекстанда бала өліміне себеп болған дәрінің құрамын зерттеу барысында, үнді компаниясына тиесілі басқа да дәрінің қауіпті екені белгілі болды. 2022 жылы "Quramax Medical" ЖШС республика аумағына әкелген барлық дәрі-дәрмектерді сату тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрі тапсырмасымен дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханасы жүргізген "Док-1 Макс" және "Амбронол" препараттарының сапасын тереңдетілген бақылау нәтижелері бойынша аталған дәрі-дәрмектің нормативтік құқықтық құжатта көрсетілген құрамға сәйкес келмейтіні анықталды.

Дәлірек айтсақ, олардың кейбір серияларында пропиленгликольдің орнына немесе онымен бірге этиленгликоль мен диэтиленгликоль қоспасы болатыны анықталды. Осыны ескере отырып, тұрғындардың денсаулығын сақтау және қалған дәрі-дәрмектерге қосымша тексеру жүргізу мақсатында сақтық шарасы ретінде 2022 жылы "Quramax Medical" ЖШС республика аумағына әкелінген барлық дәрі-дәрмектерді сату тоқтатылды.

2022 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Самарқанд облысының балалар көпсалалы медициналық орталығына 6 жасқа дейінгі жедел бүйрек жеткіліксіздігімен 21 науқас бала түскен, 15-і-үшке де толмаған балалар. Нәтижесінде үш бала емделіп, үйлеріне жіберілсе, қалған 18-і қайтыс болғанын еске саламыз.

Кейін тағы бір баланың ЖРВИ-ға қарсы үнділік дәріден уланып қалғаны белгілі болды. Жөтел сиропын ішкен бала жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қабылдау-диагностика бөлімінде анамнез жазылды. Жағдай 2022 жылдың 28 желтоқсанында болды, бірақ егжей-тегжейі қазір ғана белгілі болды.

Сонымен ресми мәліметтер бойынша, Өзбекстанда үндістандық өндіруші Marion Biotech сиропын қабылдаған 19 баланың қайтыс болғаны расталды (дәрі-дәрмекті Quramax Өзбекстанға импорттаған).