Өзбекстанда электр қуатының өшуі газ тапшылығына әкеп соқты

0
620

Жарықтың өшуі салдарынан "Өзбекмұнайгаз" 64 кен орны көмірсутек өндіруді тоқтатуға мәжбүр болған.


Өзбекстанда электр қуатының өшуі газ тапшылығына әкеп соқты
ERNUR.KZ. 26 қаңтардан бастап елде жанармай құю станцияларының жұмысына уақытша шектеулер енгізілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Жанар-жағармай құю бекеттерінің жұмысына қойылған шектеулер қашанға дейін жалғасатыны туралы мәлімет жоқ.

Мұндай шешім жылу электр станцияларында газ қысымының төмендеуіне, электр энергиясын өндіру көлеміне кері әсерін тигізуіне байланысты қабылданған.

Басылым тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін өндірілген көгілдір отын жылу электр стансаларына, әлеуметтік нысандар мен тұтынушыларға жөнелтілетінін жазды.