Қазір бұл әдіс Ташкент, Қашқадария және Бұхара облыстарында тестілік режимде іске қосылды.
ERNUR.KZ. Ташкент қаласы мен екі облыстың тұрғындары әр таң сайын қоқыс шығаратын кездегі дыбысқа шағымданды. Билік қоқыс таситын көліктерді пайдаланудың жаңа әдісін қолданып көруді ұйғарды, деп жазады zakon.kz.
Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің бастамасымен тұрмыстық қалдықтарды дабылмен емес, классикалық музыкамен шығару жөнінде шешім қабылданды.
Қазір бұл әдіс Ташкент, Қашқадария және Бұхара облыстарында тестілік режимде іске қосылды. Әр ауданға бір-бір арнайы көлік бөлінді, оның келгенін сигнал беріп емес, классикалық музыка әуенімен хабарлайды.
Жаңа әдіс осы өңірлерде табысты болса, ол бүкіл республика бойынша енгізілуі мүмкін.