Өзбекстанда қуаңшылықтан мал қырылып жатыр

0
2 603

Қуаңшылықтан малдың қырылуы ет бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін.


Өзбекстанда қуаңшылықтан мал қырылып жатыр

ERNUR.KZ. Бұхара облысы Пешкун ауданындағы ауылдарда қуаңшылықтан мал қырылып жатыр. Жергілікті шопандар малға беретін жем жоқ дейді, деп жазады centralasian.org.

"Біздің аймақ жазық. Малды негізінен өрісте қоректендіреміз. Бірақ далада шөп жоқ. Малдар аштықтан ұсақ тас жеп жатыр. Осыдан олар өліп жатыр. Мен бір айда 12 қой жоғалттым. Көрші ауылда да осындай жағдай", - дейді шопанның бірі.

Пешкун ауданының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Завхиддин Курбанов шаруа қожалықтары қысқа дейін малға жем жинамады дейді.

Бұхара облысындағы Пешкун ауданы негізінде мал шаруашылығымен айналысады. Завхиддин Курбановтың сөзінше, қазір ауданда 100 мың ірі қара мал, 220 мыңнан астам қой мен қозы бар.

Фермер Нормурад Рузикулов қуаңшылықтан малдың қырылуы ет бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін дейді.