Өзбекстанда Сардоба бөгетінің жарылу ісі бойынша тағы 29 адам сотталды

0
437

2021 жылдың мамыр айында Сырдариядағы бөгетті бұзуға қатысы бар 17 шенеунікке қатысты үкім шықты.


Өзбекстанда Сардоба бөгетінің жарылу ісі бойынша тағы 29 адам сотталды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда алты адамның өмірін қиып, 70 мыңға жуық адамды эвакуациялаған Сардоба су қоймасындағы бөгетті бұзу ісі бойынша тағы 29 айыпталушы 10 жылға дейін сотталды, деп жазады zakon.kz.

UZDaily.uz сайтының хабарлауынша, жауапкерлер Сардоба су қоймасын жобалау мен салуға жауапты.

Айыпталушылар Өзбекстан Қылмыстық кодексінің мына баптары бойынша кінәлі деп танылды:

  • Заңсыз иемдену немесе жымқыру арқылы ұрлық;
  • Ресми жалғандық;
  • Қылмыстық қызметтен түскен кірістерді заңдастыру;
  • Тау-кен, құрылыс немесе жарылыс жұмысын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу.

Сот үкімімен бір сотталушы 3 жыл мерзімге басшы және материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір айыпталушы 3 жыл мерзімге басшы және жауаптылыққа байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған айыппұл салынды.

Ал екінші айыпталушы 3 жыл мерзімге басшы және жауаптылыққа байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған айыппұл салынды.

Тағы бір айыпталушыға 3 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру, сонымен бірге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Екі сотталушыға 3 жыл мерзімге басшы лауазымдар мен материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығын шектеу, сонымен қатар айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Сот 23 сотталушыны 3 жыл мерзімге басшы лауазымдар мен материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, сонымен қатар айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Жауапкерлерден мемлекет кірісі ретінде барлығы 115 миллиард 811 миллион сом (10,5 миллион доллар) өндірілмек.

2020 жылдың 1 мамыры күні таңертең қатты жаңбыр мен дауылды желден кейін Сардоба су қоймасында бөгет бұзылды. Салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды.

2020 жылдың шілде айында Өзбекстанның Бас прокуратурасы оның себебін жобалық құжаттамадағы, құрылыс және пайдалану кезіндегі қателер деп атады.

2021 жылдың мамыр айында Сырдариядағы бөгетті бұзуға қатысы бар 17 шенеунікке қатысты үкім шықты.