Өзбекстанда сел кезінде құбырға тығылған екі әйел қаза тапты

0
495

7 шілдеде 23 жастағы екі әйел М-39 тасжолының маңында сиыр сауу үшін тауға шыққан.


Өзбекстанда сел кезінде құбырға тығылған екі әйел қаза тапты

ERNUR.KZ. Өзбекстанда Наманган облысындағы Қамшық асуында сел салдарынан екі әйел қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 7 шілдеде 23 жастағы екі әйел М-39 тасжолының маңында сиыр сауу үшін тауға шыққан.

Шамамен сағат 19:20-дан 19:27-ге дейін қатты жаңбыр жауған. Одан қашқан әйелдер диаметрі 1200 миллиметр, тасқын суын ағызу үшін жасалған темір құбырға көтерілген.

Осы кезде көлемі шамамен 40-50 текше метр сел жүріп, әйелдерді құбыр бойымен 400 метрдей сай бойымен алып кеткен. Олардың денелері сайды су тасқынынан тазарту кезінде табылған.