Өзбекстанда шенеуніктер инвестициялық қызметтегі олқылықтары үшін жұмыстан шығарылды

0
769

Ел президентін инвестиция мен экспорттың қарқыны қанағаттандырған жоқ.


Өзбекстанда шенеуніктер инвестициялық қызметтегі олқылықтары үшін жұмыстан шығарылды

ERNUR.KZ. 18 қаңтар күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2024 жылға арналған инвестиция, экспорт және халықаралық ынтымақтастық саласындағы міндеттер бойынша кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Әу бастан-ақ, Мемлекет басшысы сауда, өндіріс және экспортқа қатысты секторлардың, соның ішінде шетелдегі дипломатиялық корпустардың басшылығын баяу және көрегендігі үшін сынай бастады.

Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі басшысының орынбасары Бадриддин Абидов пен Техникалық реттеу агенттігінің басшысы Дилшод Саттаров жұмысындағы кемшіліктері үшін қызметтерінен босатылды.

Сонымен қатар, Премьер-министрдің инвестиция және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары Жамшид Ходжаев тоқсанның соңына дейін жағдайды жақсарту шараларын қолданбаса, қызметінен босатылуы мүмкін.

Айта кету керек, Шавкат Мирзиёев үкіметке ерекше тапсырма берді. Соның ішінде, инвестиция бағытындағы жұмыстарға жауапты министрлердің орынбасарлары мен хокимдерді жұмыстан шығаруды тапсырды. Сондай-ақ, олардың қызмет тиімділігін бағалайтын KPI көрсеткіштерін анықтап, кейін оларды бір жылдық келісім негізінде қайта жалдауды жүктеді. Егер олар тапсырмаларды орындаса, жұмыс шарты бір жылға ұзартылуы ықтимал.