Өзбекстанда сұйытылған газ бағасы күрт өсті

0
330

Газбен жүретін көліктердің көбейіп жатқаны жағдайды ушықтырып отыр.


Өзбекстанда сұйытылған газ бағасы күрт өсті

Фото: kmg.kz

ERNUR.KZ. Өзбекстанда сұйытылған газдың бағасы күрт өсті. Елдің энергетика министрлігі мұның себебін өндірістің азаюымен түсіндіреді, деп жазады zakon.kz.

Сондай-ақ, газбен жүретін көліктердің көбейіп жатқаны жағдайды ушықтырып отыр. Салаға жауаптылар, баға жыл соңына дейін тұрақталады дейді.

Өткен жылы сұйытылған газ өндіру көлемі 800 мың тоннадан асқан. Ал, биылғы меже 850-860 мың тонна болғанымен, ол сақталмай отырған сыңайлы.

Егер, жаңа жылға дейін пропан мен бутан газын өндіру жоспары орындалса, жағдай реттелуі мүмкін. Бағаның көтерілуінің тағы бір себебі – соңғы бір жылда көрші елде газбен жүретін көлік саны 57%-ға көбейген.

Метан газын тұтынушылардың да қатары өсіп жатыр. Газ құю станцияларында сұйық отынға сұраныстың артуы, өнім құнының шарықтауына алып келген.