Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы үнді препаратынан уланды

0
544

Бұған дейін дәл осы дәріден 19 бала көз жұмған.


Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы үнді препаратынан уланды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы үнді препаратынан уланды, деп жазады baq.kz.

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, үш жасар бүлдіршін қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Бұған дейін дәл осы дәріден 19 баланың көз жұмғанын хабарлаған едік. Осыған байланысты қазір бұл препараттың таблеткалары мен сироптары Өзбекстанның барлық дәріханасында сатылымнан шығарылды.

Фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің директоры қызметінен кетті. Ал Үндістан билігі "Док-1 Макс" препаратын шығаратын компанияға қарсы іс қозғады. Қазір тиіс тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған дәрі Қазақстанда тіркелмегенін айтқан еді.