Өзбекстанда жаңажылдық банкет өткізуге тыйым салынды

0
1 162

Одан үнемделген қаржыны білім беру, денсаулық сақтау, балалар үйі секілді әлеуметтік салаларға жұмсау ұсынылады.


Өзбекстанда жаңажылдық банкет өткізуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда мемлекеттік ұйымдардың жаңажылдық банкет өткізуіне және білім мекемелерінде Жаңа жыл мерекесін тойлауға тыйым салынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі республикалық комиссияның қаулысына орай, мемлекет үлесі бар кәсіпорындарда мерекелік жиын өткізуге тыйым салынды. Одан үнемделген қаржыны білім беру, денсаулық сақтау, балалар үйі секілді әлеуметтік салаларға жұмсау ұсынылады.

Басқа ұйымдар немесе жеке тұлғалардың қоғамдық тамақтандыру орындарында 30 адамнан аспайтын және санитария-гигиена және карантин талаптарын қатаң сақтай отырып мереке іс-шараларын өткізуіне шектеу қойылмайды. Бірақ ел азаматтарына Жаңа жылды үйде отбасымен тойлау ұсынылады.

Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында оқушылардың, тәрбиеленушілердің және студенттердің қатысуымен жабық жерде түрлі мерекелік іс-шара мен кештер ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

Облыс, аудан және қала орталықтарында Жаңа жыл шыршасын ашық жерге орнату ұсынылады.