Өзбекстандағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты тағы саудаға шығарылды

0
805

Өзбекстандағы ең ірі кәсіпорын саналатын зауытты 2019 жылы индонезиялық PT Trans Asia Resources компаниясы сатып алуы керек болға


 Өзбекстандағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты тағы саудаға шығарылды

ERNUR.KZ. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ферғана мұнай өңдеу зауыты тағы саудаға шығарылды, деп жазады centralasian.org.

Өзбекстандағы ең ірі кәсіпорын саналатын зауытты 2019 жылы индонезиялық PT Trans Asia Resources компаниясы сатып алуы керек болған, бірақ келіссөздерден нәтиже шықпады.

Хабарларға қарағанда, зауытты сатып алғысы келетіндер 28 мамырға дейін Өзбекстан мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі агенттігіне қарасты UzAssets инвестициялық компаниясына өтініш беруі керек.

Ферғана мұнай өңдеу зауыты жылына 2 миллион тонна шикізат өңдей алады.

Ресми мәліметтерге қарағанда, кейінгі үш жылда зауыттың орташа жылдық табысы 19 млн доллар болған. Кәсіпорында шамамен 6 500 адам жұмыс істейді.

Бұған дейін хабарланғандай, Ферғана мұнай өңдеу зауыты ұзақ жылдар бойы Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов отбасының бақылауында болған.