Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі Қарақалпақстандағы митингке қатысты түсініктеме берді

0
694

Нөкіс қаласында өткен митингілер республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға қатысты түсініспеушілікке әкелді.


Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі Қарақалпақстандағы митингке қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Қарақалпақстанның бас қаласы Нөкіс қаласында өткен митингілер республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға қатысты түсініспеушілікке әкелді. Өзбекстан ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Елдің қазіргі конституциясында Қарақалпақстан халықтың жалпы референдумы негізінде Өзбекстаннан бөлініп шығуға құқығы бар егеменді республика ретінде көрсетілген.
Күні кеше ел конституциясына енгізілетін өзгертулер жобасына сәйкес, бұл нормаларды алып тастау ұсынылып жатқаны белгілі болды.
Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңсыз шерулер 1 шілде күні сағат 15:00 шамасында басталған. Қарақалпақстан тұрғындары қаланың айналасында шерулер ұйымдастырып, одан кейін орталық дехқан базарының аумағына жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырды.
"Қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және азаматтардың түрлі құқық бұзушылықтар жасауының жолын кесу мақсатында дехкан базарына құқық қорғау органдарының күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында қоғамдық тәртіп қалпына келтіріліп, жұмыстар жүргізілуде. азаматтармен заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру, сондай-ақ белгіленген тәртіпте азаматтардың өтініштерін қарау жүргізілуіде", – деп хабарлады Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, бұған дейін бірқатар қалалар мен ауылдарда қарақалпақтар ұсынылған өзгерістерге келіспейтіндіктерін білдірген видеохабарламалар түсіріп, митингке шыққан. Бұған қоса, билік бірнеше оппозиция белсенділерін, журналистер мен блогерлерді қамауға алды. Алайда наразылық нәтижесінде олардың біразы босатылды.