Өзбекстанның оңтүстік аймағы газсыз қалды

0
559

Оның негізгі себебі – газ құбырындағы апат.


Өзбекстанның оңтүстік аймағы газсыз қалды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Сурхандария облысында магистральдық газ құбырында апат болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін Бандихан ауданының аумағы арқылы өтетін" Музработ-Душанбе" магистральдық газ құбырының 101-190 км учаскесінде апат орын алды", — делінген хабарламада.

Қазір облыстың басым бөлігі көгілдір отынсыз жағдайда отырғаны атап өтілді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:30-дан бастап Термез облыстық орталығында және облыстағы 15 ауданның тағы тоғызында көгілдір отын беру тоқтатылды.

"Қазіргі уақытта, төтенше жағдайларды жою және табиғи газ беруді қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп қосты облыстық әкімшілікте.