​Пәкістан үкіметі қазақстандық студенттер үшін грант бөлді

0
1 290

Төмендегі бағдарламалар бойынша 2 грант бөледі.


​Пәкістан үкіметі қазақстандық студенттер үшін грант бөлді

ERNUR.KZ..Пәкістан Үкіметінің Экономикалық қатынастар бөлімі (EAD) Пәкістан Техникалық Көмек Бағдарламасы (PTAP) шеңберінде EAD 2018–2019 ж. Қазақстан Республикасының студенттеріне грант бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ сайты Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап.

Төмендегі бағдарламалар бойынша 2 грант бөледі:

Фармацевтика докторантурасы – 1

Инженерия бакалавриаты – 1

Бағдарламалар талаптары төменде көрсетілген:

Мамандық

Пәндер

Баға

Инженерия ғылымы бакалавриаты

Ағылшын тілі, Физика, Химия және Математика

HSSC – та бағалар ең кемінде 60% немесе соған балама

Кейбір Университтерге сәйкес Кандидаттар SAT-I және SAT-II немесе Қабылдану тестін тапсыруы қажет

Аттестациялық емтиханда оқу тілі Ағылшын тілі болмаған жағдайда 550 немесе 5.5 баллдан тұратын TOEFL немесе IELTS сертификаттары қажет

НЕМЕСЕ

Бір жылдық Ағылшын тілі курсын аяқтаған жөніндегі Заманауи Тілдер Ұлттық Университеті (NUML) сертификаты.

Фармацевтика докторантурасы

Ағылшын тілі, Физика, Химия және Биология

HSSC – та бағалар ең кемінде 60% немесе Ішкі Басқарма Төрағалар Комитетінен (IBCC) балама

Жаңартылған / соңғы үлгідегі өтінім формасы EAD www.ead.gov.pk сайтынан жүктеліне алады және форманы компьютерден теру немесе шығару дұрысырақ, сондай-ақ осы Елшілікке 2018 ж. 20 қазанына дейін төменде берілген құжаттардың расталған көшірмелерімен бірге 4 данада тапсырылуы қажет:

HSSC емтиханы сертификаты / Үлгерім табелі

Соңғы түскен төлқұжаттағы фото көлеміндей фото (4 дана)

Тапсырушының төлқұжат көшірмесі

Исламабад қ. Ішкі Басқарма Төрағалар Комитетінің (IBCC) Секретарь атынан берілген балама сертификат

MCAT, SAT-II баллдары көшірмелері

Аттестациялық емтиханда оқу тілі Ағылшын тілі болмаған жағдайда B.S. C. Инженерия / MBBS / BDS түсу үшін TOEFL немесе IELTS баллдары қажет

Пәкістанның Медициналық және Стоматологиялық колледждеріне түсуге үміткер кандидаттар РТАР-ға өтініш беру кезінде Пәкістанның басқа медициналық / стоматологиялық колледжінде оқымауы.

Оқытуға арналған құжаттар Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінде ұсынылады. Қабылдау туралы сұрақтар бойынша толық ақпаратты келесі байланыстар арқылы біле аласыз

+7 7172 799374; +7 7172 799375; (+9251) 226-29-20