Парижде олимпиада қарсаңында мыңдаған үйсіздерді қаладан қуып шықты

0
369

2 маусымда еліміз Олимпиаданың 10-шы жолдамасын ұтып алды.


Парижде олимпиада қарсаңында мыңдаған үйсіздерді қаладан қуып шықты

ERNUR.KZ. Париж полициясы олимпиада қарсаңында, қаладағы және оның маңындағы мыңдаған үйсіз адамдар мен әлеуметтік жағдайы ауыр жандарды қуып жіберді, деп жазады zakon.kz.

Полицейлер негізінен баспанасыз адамдарды, қауіпті және осал жағдайдағы балалары бар отбасыларды, сондай-ақ нашақорлар мен интимдік қызмет көрсететін жұмыскерлерді қаладан шығарған. Le Revers de la médaille қауымдастық бірлестігінің есебінде бұл адамдарды билік "қалаусыз деп санайды" делінген.

Бірлестіктің денсаулық мониторингі жөніндегі үйлестірушісі Пол Алози билікті Олимпиадаға Парижді "ең жақсы жағынан" көрсету үшін қаланың ең қолайсыз тұрғындарын "әлеуметтік тазартуда" айыптады.

Адамдар өткен жылы мәселенің қысқа мерзімді шешімі ретінде құрылған уақытша аймақтық орталықтарға автобуспен жеткізіледі. Баяндама авторлары үйсіздер мәселесін шешу үшін бүкіл Франция бойынша кем дегенде 20 мың үй салу керек дейді.

"Бұл мемлекеттік саясат бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанымен, бірқатар көрсеткіштер Олимпиада ойындары процестті тездетіп жатқанын көрсетеді", – делінген хабарламада.

2 маусымда еліміз Олимпиаданың 10-шы жолдамасын ұтып алды.