​Парламент депутаты адам көп жерлерде темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

0
2 117

Заң жобасы кафе-бар қожайындарына темекі шегуге рұқсат етілетін жеке залдар ашуына тыйым салады.


​Парламент депутаты адам көп жерлерде темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ERNUR.KZ. Қырғыз парламентінің депутаты Айнұр Алтыбаева дайындаған заң жобасы адам көп шоғырланған орындарда – балалар алаңқайлары, қоғамдық көлік, демалыс орындары, жағажай және көпшілік шараларда темекі шегуге тыйым салуды қарастырады.

Бұл ұсынысын депутат Бішкекте темекінің денсаулыққа зияны туралы дөңгелек үстел отырысында айтты. Заң жобасы кафе-бар қожайындарына темекі шегуге рұқсат етілетін жеке залдар ашуына тыйым салады.

Жыл басында Салық кодексіне өзгертулер күшіне енді - темекі бұйымдарына акциз өсірілді. Енді жыл сайын 2020 жылға дейін темекі 10 сомға қымбаттап отырады. Қырғызстанда соңғы жылдары 25-тен 50-ге дейін ер азаматтардың темекі шегуі азайған, бірақ шылым тартатын әйелдер саны артып отыр.

Заң жобасын ұсынғандардың бірі Дастан Бекешев бұған дейін қоғамдық орындарда темекіге тыйым салуды ұсынған еді. Депутат заңға мұндай өзгертулер бюджетті толтырып, жасөспірімдерді темекінің зияынынан сақтайтынын мәлімдеді.

"Қыздар да темекіні көп шегетін болды. Темекі бізде арзан тұрады. ЕАЭО мүшесі болсақ та, Ресей және Қазақстанмен салыстырғанда, Қырғызстанда салық акцизі екі есе аз. Алдағы бес жыда біз бағаны теңестіруіміз керек", - деді ол.


Дереккөз:centralasian.org/a