Полиция газ шашып, граната лақтырды: Тегеранда жұрт жаппай көтеріліске шықты

0
870

Олар ұшақты құлатқандарды жазалап, кінәлілердің отставкаға кетуін талап етті.


Полиция газ шашып, граната лақтырды: Тегеранда жұрт жаппай көтеріліске шықты

ERNUR.KZ. 11 қаңтар, кешкі уақытта Тегеранда украиналық ұшақты құлатуға байланысты билікке қарсы акциялар басталды, деп жазады Stan.kz.

Қорғаныс корпусы ұшаққа байланысты бар кінәні өз мойнына алғалы бері жағдай ушығып кетті. Мыңдаған адам, негізінен студенттер Тегерандағы университет алдына марқұмдардың әруағын аза тұтуға жиналды.

Олар ұшақты құлатқандарды жазалап, кінәлілердің отставкаға кетуін талап етті. Куәгерлер көтеріліске шыққандардың «Өтірікшілер, өтірікшілер!», «Ұят болды! Мемлекетімізді жайына қалдырыңыздар!», «Диктатордың көзін құрту керек» деп айқайлағанын айтты.

Fars агенттігінің хабарлауынша, акцияға қатысушылар қаңтар айының басында америка соққысы салдарынан көз жұмған генерал Касем Сулейманидің портретін жыртып тастаған. Полиция тәртіпсіздікті тоқтату үшін көзден жас ағызатын газ бен дауысы қатты шығатын гранаталар лақтырған.