Польша Ресейден көмір импорттауға тыйым салды

0
755

​Шектеу Ресейдің Украинадағы әрекетіне байланысты енгізіліп отыр және ол ұлттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған.


Польша Ресейден көмір импорттауға тыйым салды

ERNUR.KZ. Польша президенті Анджей Дуда жаңа заңға қол қойды. Ол бойынша Ресейден көмір импорттауға тыйым салынады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл шектеу Ресейдің Украинадағы әрекетіне байланысты енгізіліп отыр және ол ұлттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған. Бұған дейін Польша парламентінің екі палатасы бұл заңды қабылдаған болатын.

Тыйым тек мемлекеттік емес, сонымен қатар жеке фирмаларға да қатысты. Оны бұзғандар бас бостандығынан айырылады. Ресейді қолдайтын шаруашылық субъектілері ішкі істер министрлігі мен Польша әкімшілігінің арнайы тізіміне енгізіледі. Олардың қаражаты мен басқа да активтері бұғатталады.

ІІМ басшысы бұл тізімді өз бетінше немесе арнайы қызметтер мен басқа да мемлекеттік басқару органдарының өтініші бойынша толтыратын болады.