Польша Ресеймен арадағы шекарада 3 мың бақылау камерасын орнатады

0
568

7 қарашада Польша билігінің Калининград облысымен шектесетін шекарада Беларусь шекарасындағыдай қоршау тәрізді қабырға салынатынын жоққа шығармайтыны белгілі болды.


Польша Ресеймен арадағы шекарада 3 мың бақылау камерасын орнатады

ERNUR.KZ. Польшаның Ресеймен арадағы құрлықтағы шекарасының ұзындығы - 210 шақырым. Осынша шақырым шекара бойымен тепловизорлар мен қозғалыс датчиктерін орнату жоспарланып отыр, деп жазады zakon.kz.

Польша Ресейдің Калининград облысымен шектесетін шекарада 3 мың бақылау камерасын орнатпақшы. 18 қарашада Польшаның ішкі істер және әкімшілік министрі Мариуш Каминьский журналистерге осындай мәлімет берді.

"Кеше Великополь аймағына қарасты поляк фирмасы таңдалды, ол биылдың өзінде Польша мен Ресей шекарасында электронды бөгеттер салуға кіріседі. Келесі жылдың екінші жартысында осы заманауи құрылғылардың барлығы поляк-ресей шекарасындағы шекара күзетіне қолжетімді болады".Мариуш Каминьский
Ол шекарада күндізгі және түнгі шолу камералары, тепловизорлар, қозғалыс датчиктері орнатылатынын нақтылады.
"Бұл шешімдер шекарадағы қауіпті тез анықтауға және біздің қызметтеріміздің өте жылдам реакция жасауына мүмкіндік береді".Мариуш Каминьский

7 қарашада Польша билігінің Калининград облысымен шектесетін шекарада Беларусь шекарасындағыдай қоршау тәрізді қабырға салынатынын жоққа шығармайтыны белгілі болды.