Он тоғыз жастағы қыз бір семестр шетелдік университетте оқуы тиіс болған. Қазақстандық дипломаттар марқұмның отбасына көмек көрсетуде.
ERNUR.KZ. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студентін өткен сәрсенбіде Польшаның Катовице қаласында трамвай қағып кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қыз Польшаның Катовице қаласындағы Экономика университетінде оқыған, деп нақтылады СІМ жергілікті полицияға сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта марқұмның жақын туыстарымен байланыс орнатылды, оларға виза алуға барынша көмек көрсетілуде, мәйітті жіберу үшін жерлеу бюросымен келіссөздер жүргізілуде", - делінген СІМ хабарламасында.
Қайғылы оқиға 27 қараша күні кешке, қазақстандық қыз университеттен шыққан кезде болған.
Қыз Польшада осы жылдың қыркүйек айынан бастап академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша жүрген, ол отанына келесі жылдың ақпан айында қайтады деп жоспарланған, деп хабарлады өңірлік ekaraganda басылымы.
Диплом алғандарын атап өткен төрт түлек жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды
Қазақстандық оқу орнында ол экономика факультетінің екінші курсында оқыды, қыз Бөкетов атындағы ҚарМУ-де үздіктердің бірі болған.
Оқиғаға байланысты университет жұмаға жоспарланған барлық мерекелік шараны тоқтатты.