"Get well soon and aman bolynyz!".
ERNUR.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Израиль президенті Реувен Ривлин мен Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі, деп жазады Tengrinews.kz.
Майк Помпео Елбасыға қазақ тілінде денсаулық тіледі.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа COVID-19-дан толық және тез сауығып кетуін тілеймін. Бұл біздің елдеріміз үшін күрделі кезең. Бірге, біз бұл ауруды жеңеміз деп сенемін. Аман болыңыз", - деп жазды Помпео Twitter-де.
Израиль президенті Реувен Ривлин екі ел "жақсы қарым-қатынаста қалу керек" екенін айтты.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығуына тілектеспіз. Екі еліміз жақсы қарым-қатынасын жалғастырады", - деп жазды ол.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди де әлеуметтік желіде Назарбаевқа хат қалдырды.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген тілегім ізгі. Тезірек сауығыңыз, зор денсаулық тілеймін. Біз досымызды және стратегиялық әріптесіміз Қазақстанды коронавирус пандемиясымен күресте қолдаймыз", - деп атап өтті ол.