​Президент кеденшілерді "ең басты парақорлар" деп атады

0
1 317

Кеденшілерге айтылған сынды жергілікті ақпарат құралдары таратты.


​Президент кеденшілерді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Ферғана облысы Алтыарык ауданында өткізілген видеоселекторлық жиналыста, елдегі импорттың жағдайына көңілі толмайтындығын айтып, кеденшілерді сынға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

"Мен бірнешеуіңді түрмеге отырғыздым. Барлықтарың қандай пара бергендерің туралы бұлбұлша сайрап, бір біріңе қарсы куәлік етіп жүрсіңдер. Түрмеге отырғандардың барлығы бір ұйымның қызметкерлері. Өздерің адал сияқты көрінгілерің келеді. Басты парақорлар – сендерсіңдер", - деді Шавкат Мирзияев.

Кеденшілерге айтылған сынды жергілікті ақпарат құралдары таратты.

Бұған дейін бір сөзінде мемлекет басшысы қаржыгерлерді "егеуқұйрықтар", ал прокуратура қызметкерлерін "ұрылар және қоқыс" деп атаған. "Менменшіл иттер", "отанын сатқандар", "барлықтарың бізді масқаралап жүрген парақорсыңдар". Мұндай сөз тіркестерін Мирзияев 19 қаңтарда Сұрхандария облысындағы аймақ белсенділерімен кездесуінде қолданған.