Мәскеу биржасының индексі сейсенбіде 8%-дан астам құлдырады.
ERNUR.KZ. Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау шешімін жариялағаннан кейін Ресей нарығы қайта құлдырай бастады. Екінші күн қатарынан көрсеткіші түскен нарықта мұндай жағдай соңғы рет Ресейдің Уркраинаға алғашқы шабуылы кезінде болған, деп жазады stan.kz.
Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:43-те Мәскеу биржасының индексі 4%-дан астамға, ал RTS индексі 5%-ға төмендеген. Рубльдің өзі құнсыздана бастады. Таңертең доллар бағамы 1,4 рубльге көтеріліп, бір доллар үшін 62 рубльді құраса, еуро 80 тиынға дерлік қымбаттап, 61,4 рубль болды.
Мәскеу биржасының индексі сейсенбіде 8%-дан астам құлдырады.
Сарапшылар мұны "саяси сипаттағы жаңалықтармен" және "геосаяси тәуекелдердің" өсуімен тікелей байланыстырады.
"Мәскеу биржалық индексі соңғы жылдары ең төменгі деңгейге қарай бет алған сияқты", - деп жазады MMI экономикалық блогының авторлары.
Украинадағы алты айдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан соғыс пен Ресейге қарсы салынған санкцияларға қарамастан, ресейлік нарықтар соңғы айларда айтарлықтай тұрақты болды. Бұған көбіне шетелдік инвесторлардың кетуі мен олардың Ресей билігіне қойған шектеулері әсер етті.
Мобилизация нарықтардың құлдырауының тағы бір толқынын тудырды. Бұл онсыз да жақсы қалыпта емес ел экономикасына қалай әсер етеді деген қорқыныштан туындаса керек.
"Әзірге болжамдардың көпшілігі дағдарыстың жеткілікті ұзаққа созылатынын көрсетеді. Сауда санкцияларының салдары Ресейдің әлемнің басқа елдерінен технологиялық артта қалуы кезінде ғана байқалмақ.
Мобилизация бұл болжамдарды айтарлықтай өзгерте алады. Шындығында, халықтың бір бөлігі соғысқа аттанады. Бұл олар жұмыс істемейді, ақша жұмсамайды дегенді білдіреді. Демек, өндіріс пен тұтыну төмендейді.
Кәсіпорындардың жұмысы да әскери қажеттіліктерге қайта бағытталады. Сонда азаматтық тауарларды өндіру және олардың жеке дамуына инвестиция салу айтарлықтай қысқарады”,- деді BBC порталының орыс редакциясының экономика бөлімінің редакторы Ольга Шамина.
Еске салсақ, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау туралы қаулыға қол қойған болатын.