Путиннің жаңа жылдық құттықтауын бөлген депутат кешірім сұрады

0
780

Қазіргі уақытта ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр.


Путиннің жаңа жылдық құттықтауын бөлген депутат кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Ресейдің Ижевск қаласы думасының депутаты, жеке кабельдік телеарнаның продюсері Альфред Зиннатуллин Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауынан кейін техникалық себептермен сағат белгісі шықпағанын айтып, кешірім сұрады, деп жазады qamshy.kz.

Оның орнына телеарна продюсері, қалалық дума депутаты Альфред Зиннатуллиннің құттықтауы шыққан.

"Құрметті көрермендер мен қала тұрғындары! Арнамызда Жаңа жыл түнінде болған техникалық ақауға байланысты кешірім сұраймын. "СТС-Ижевск" жеке, кабельдік, аналогтық хабар тарату арнасы болғандықтан, мен де біздің көрермендер секілді болған жағдайды қолайсыз деп санаймын. Техникалық қателіктің себептерін анықтаймыз. Қазіргі уақытта ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр", деп жазған депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.