Ресей 1 сәуірде Өзбекстанмен тұрақты әуе қатынасын ашады

0
2 246

Мәскеу - Ташкент - Мәскеу рейсі аптасына бір мәрте ғана орындалады.


Ресей 1 сәуірде Өзбекстанмен тұрақты әуе қатынасын ашады

ERNUR.KZ. Ресей 1 сәуірде Германиямен, Шри-Ланкамен, Венесуэламен, Сириямен, Тәжікстан және Өзбекстанмен тұрақты әуе қатынасын ашады, деп жазады centralasian.org.

Мұндай шешімді қабылдар кезінде осы елдердегі эпидемиологиялық жағдай ескерілген. Шешімді Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин мақұлдаған.

Мәскеу - Ташкент - Мәскеу рейсі аптасына бір мәрте ғана орындалады. Әзірге басқа мәлімет жоқ.

Шұғыл штабтағылардың хабарлауынша, шетелден келген азаматтардың коронавируспен ауырмайтынын білдіретін тест нәтижесі болуы керек. ПЦР әдісімен жасалған тест Ресейге ұшардан 72 сағат бұрын жасалуы тиіс.

Коронавирус пандемиясына байланысты Ресей былтыр 27 наурызда шетелмен тұрақты және чартерлік әуе қатынасын тоқтатты. Тамыз айында Ресей билігі кейбір елге ұшуға рұқсат бере бастады.