Ресей эстрадасының жұлдыздары Лукашенконы қолдайтын бейнебаянға түсті

0
1 037

Видео "Аура" тобының ютуб-арнасында жарияланды


Ресей эстрадасының жұлдыздары Лукашенконы қолдайтын бейнебаянға түсті

ERNUR.KZ. Ресей мен Беларусь әншілері президент Александр Лукашенконы қолдайтын клипке түсті. Олардың арасында Филипп Киркоров, Николай Басков, Александр Буйнов, Анита Цой, Денис Майданов және басқа да ресейлік әншілер бар, деп жазады Азаттық.

Видео "Аура" тобының ютуб-арнасында жарияланды. Клипке Беларуь эстрадасының Александр Солодуха, Алёна Ланская, апалы-сіңлілі Груздевтер және Руслан Алехно сынды әншілері қатысты.




Әнде Лукашенко есімі аталмады, бірақ қайырмасында президенттің сайлау қарсаңында айтқан "Сүйіктіні тастамайды" (Беларусь туралы) сөзі бар.

Роликке пікір жазу функциясы қосылмаған, оған лайк және дизлайк қоюға да болмайды.

Клипке түскен әнші Николай Басков жақында Минскіде Лукашенко жақтастарының форумында ән салған, ал Киркоров Беларуьске сайлауалды науқан кезінде келіп, президентті қолдайтынын ашық айтқан.



Лукашенко 9 тамызда өткен сайлауда жеңіске жетті деп жарияланды. Алайда Беларусь оппозициясы мен наразылық акциясына шыққан мыңдаған адам сайлаудың ресми нәтижесімен келіспейді. Олар Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп отыр.