Ресей Қазақстаннан келетін құс етіне шектеуді алып тастады

0
988

Россельхознадзор 21 тамыздан бастап «Өскемен құс фабрикасы», «ADM Investment», «Ордабасы-Құс», «Париж коммуна XXI», «Kazakh Osseter» кәсіпорындардан уақытша шектеулерді алып тастады.


Ресей Қазақстаннан келетін құс етіне шектеуді алып тастады

ERNUR.KZ. Ресейдің «Россельхознадзор» қазақстандық бес кәсіпорыннан шектеуді алып тастайды, деп жазады Алтайньюс.

«ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне РФ ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметінен бес қазақстандық кәсіпорыннан уақытша шектеулерді алып тастауға қатысты хат келіп түсті», делінген хабарламада.

ҚР АШМ ВБКК мен Россельхознадзор арасында өткізілген бейнеконференция барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, сондай-ақ комитет берген кепілдіктерді ескере отырып, Россельхознадзор 21 тамыздан бастап келесі қазақстандық кәсіпорындардан уақытша шектеулерді алып тастады: «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, ЖШС «ADM Investment», ЖШС «Ордабасы-Құс», ЖШС «Париж коммуна XXI», ҰКП ЖШС «Kazakh Osseter».

Сондай-ақ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 15 қазақстандық кәсіпорындардан 3 айлық мерзімнің аяқталуына байланысты күшейтілген зертханалық бақылау режімін алып тастады: ЖШС «МясКом», ЖШС «Кублей», ЖШС «Кузьмич», ЖШС «СейНАР», ЖК «Калинин М.С.», ЖШС «Шарбақты құс», ЖШС «Каспий балық», ЖШС «Өскемен», ЖШС «Компания Камертон», ЖШС «Молпродукт», ЖШС «Сергеевка сүт өнімдері», ПК «Алматы балық зауыты», ЖШС «Magic fish», ЖШС«Элипс Сифуд», ЖШС «Солярис сифуд».

Осының арқасында жоғарыда аталған кәсіпорындар ресейлік серіктестермен сауда қатынастарын қалпына келтіріп, өз өнімдерін экспорттай алады.