Ресей Украина жеріндегі әскер шығыны жайлы алғаш рет айтты

0
840

Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштерінің шығыны 2 870 адамға жеткенін мәлімдеді.


Ресей Украина жеріндегі әскер шығыны жайлы алғаш рет айтты

ERNUR.KZ. Ресейдің қорғаныс министрлігі Украинадағы әскер шығыны жайлы алғаш рет айтты. Ведомство мәліметіне сүйенсек, 498 сарбаз қаза тауып, 1 597 сарбаз жарақат алған, деп жазады Stan.kz.

Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштерінің шығыны 2 870 адамға жеткенін мәлімдеді.

Бұған дейін әскерилердің қазасы жайлы тек губернаторлар хабарлап келген. Ал министрлік шығынның бар екенін айтса да, нақты санын атамаған.

Украина қарулы күштері ресейлік 5 840 әскеридің көзі жойылғанын айтқан. Сондай-ақ Ресейдің 30 ұшағы, 31 тікұшағы, 211 танк пен 862 брондалған көлікті, 85 артиллерия жүйесі, 9 зенитті қондырғы мен 60 жанармай шаны, 355 автокөліктен айырылғанын мәлім еткен.

Айта кетейік, Ресей Украинада арнайы операция бастайтынын 24 ақпанда мәлімдеген. Путин мұны сыртқы күштерін сақтану үшін жасалған шара деп атаған.