Ресей "Вагнер" лагерлеріне соққы жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
620

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресей әскері Украина армиясымен түйісу сызығында жауынгерлік тапсырмаларды орындауды жалғастырып жатыр.


Ресей

ERNUR.KZ. Ресей қорғаныс министрлігі "Вагнер" ПМК-ның тыл лагерлеріне соққы жасалғаны туралы ақпаратты арандатушылық деп атады, деп жазады sputnik.kz.

"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының тыл лагерлеріне соққы жасалғаны туралы ақпарат шындықққа жанаспайды, деп жазылған Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
"Әлеуметтік желіде Е.Пригожиннің атынан тараған "Ресей қорғаныс министрлігінің "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының тыл лагерлеріне соққы жасағаны туралы барлық хабарлама мен бейнежазбалар шындыққа сәйкес келмейді және ақпараттық арандатушылық болып саналады", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресей әскері Украина армиясымен түйісу сызығында жауынгерлік тапсырмаларды орындауды жалғастырып жатыр.