7 желтоқсан күні Федерация Кеңесі сайлауды 2024 жылғы 17 наурызға белгілеген еді.
ERNUR.KZ. 2024 жылғы Ресей президентін сайлау кезінде дауыс беру үш күнге, яғни 15-17 наурыз аралығында өтеді, деп жазады zakon.kz.
Қаулы жобасы президентті сайлауға үш күн ішінде – 2024 жылғы 15, 16, 17 наурызда дауыс беруді көздейді, деп мәлімдеді РБК.
7 желтоқсан күні Федерация Кеңесі сайлауды 2024 жылғы 17 наурызға белгілеген еді.
Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова өзін-өзі ұсынған кандидаттар 27 желтоқсанға дейін, ал партиялық кандидаттар 1 қаңтарға дейін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсыру керек екенін айтты.