Ресейде буллингке ұшыраған мектеп оқушысы өзін-өзі өртеп жіберді

0
222

Жігітке қысым тек қатарластарының тарапынан ғана емес, мұғалімнің тарапынан да болған көрінеді.


Ресейде буллингке ұшыраған мектеп оқушысы өзін-өзі өртеп жіберді

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Астрахань облысының Камызяк қаласында мектептегі қысымға шыдамаған он алты жасар оқушы өзіне бензин құйып, өртеп жіберді. Алған жоғары дәрежелі күйік салдарынан бақилық болды, деп жазады zakon.kz.

Astrakhanpost мәліметінше, жасөспірім 18 қараша күні кешке Камызяк шетіндегі Табола шағын ауданында өзен жағасынан табылған. Тірідей жанып жатқан жігітті көршісі байқап қалып, сөндіре бастады. Алайда жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.

Ресейде буллингке ұшыраған мектеп оқушысы өзін-өзі өртеп жіберді , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 10:11

Сурет: "Атипичная Астрахань", "Астрахань Новости"

Әлеуметтік желі қолданушылары қаршадай баланың мұндай күйге түсуін мектептегі буллингпен байланыстырды. Жігітке қысым тек қатарластарының тарапынан ғана емес, мұғалімнің тарапынан да болған көрінеді. Қазір істің мән-жайын құзырлы органдар анықтауда.

Жағдайға Астрахан облысының Білім және ғылым министрі Мария Шалак түсініктеме берді. Оның айтуынша, министрлікте оның басшылығымен арнайы комиссия құрылды, олар "тергеу комитетінің қызметкерлеріне оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда көмек көрсетеді".