Ресейде қоғамға қауіпті оқушылар анықталатын болады

0
763

Жаңа заң жуырда болған Пермь қаласындағы оқиғадан кейін қолға алынды.


Ресейде қоғамға қауіпті оқушылар анықталатын болады

ERNUR.KZ. Ресей билігі қоғамға қауіп төндіруі мүмкін оқушыларды анықтау керек деген шешімге келді, деп жазады 24.kz.

Осы мақсатта ел қазынасынан 1,5 млрд рубль бөлінбек. Бұл шамамен 10 млрд теңге. Арнайы ойластырылған бағдарлама бойынша оқушылардың жазбаша жұмыстарын зерттеу арқылы олардың өзіне және өзгеге қаншалықты қауіпті екені анықталмақ.

Айта кетейік, жаңа заң жуырда Пермь қаласындағы оқиғадан кейін қолға алынды.