Ресейде құс тұмауы өршіді

0
509

Комсомольск на Амуре қаласындағы құс фабрикасынан аса қауіпті саналатын, H5 түріндегі «А» типті патогенді құс тұмауының вирусы анықталды.


Ресейде құс тұмауы өршіді

ERNUR.KZ. Хабаровск өңіріндегі қалалардың бірінде төтенше жағдай жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Комсомольск на Амуре қаласындағы құс фабрикасынан аса қауіпті саналатын, H5 түріндегі «А» типті патогенді құс тұмауының вирусы анықталды.

Зертхана қорытындысы осындай. Бұл вирус адамға да қауіпті болуы мүмкін. «Комсомол» фабрикасында барлығы 500 мың тауық бар.

Қазір құстарды ескі көлік дөңгелектерін жағып өртеп жатыр. Қала әкімшілігі әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы азаматтардан ескі автошиналары болса кәсіпорын аумағына жеткізіп беруді өтініп, көмек сұрауда.

Саратов және Сахалин облыстарында да құс тұмауы тіркелді.

Өзге өңірлерде тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде.

Мәселен тек Ростов облысында құстарға 1,5 млн екпе салынды. Дегенмен мамандар жұмыртқа бағасы 30 пайызға дейін қымбаттайтынын айтады.