Ресейде «Мәңгілік алауды» өшірген өзбек балалары отбасымен бірге мемлекеттен шығарылады

0
467

Ресейде соғыста қаза тапқандарды еске алуға арналған «Мәңгілік алауға» қарсы жасалған бұзақылық ауыр қылмыс болып есептеледі.


Ресейде «Мәңгілік алауды» өшірген өзбек балалары отбасымен бірге мемлекеттен шығарылады

ERNUR.KZ. Санкт-Петербордың Красносельск аудандық соты Өзбекстанның үш азаматын Ресейдің Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 18.8-бабы, 3-бөлігі бойынша құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Балалар «Мәңгілік алауды» қармен сөндірген, деп жазады inform.kz.

Сот оларды елден шығарып, айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Өзбекстан азаматтарының Ресей аумағында ешқандай тіркеусіз тұрып келгені анықталды. Олар өз кінәларын толығымен мойындаған.

Сот отбасы мүшелерінің әрқайсысына 5 000 рубль (25 460 теңге) көлемінде айыппұл салды.

10 желтоқсанда Санкт-Петербордың Красное селосында үш бала «Мәңгілік алауды» қармен сөндірген. Полицейлер 10 және 14 жастағы ағайынды жеткіншекті және 12 жастағы жасөспірімді қолға түсірді. Осыдан кейін Ресей Ішкі істер министрлігі балалардың отбасы Ресей аумағында заңсыз жүргенін анықтап, сотқа шағым түсірген.

Ресейде соғыста қаза тапқандарды еске алуға арналған «Мәңгілік алауға» қарсы жасалған бұзақылық ауыр қылмыс болып есептеледі.