Ресейде орыс тілін білмейтін мигранттардың балаларына мектепте оқуға тыйым салынады

0
399

Осы заң жобасының қабылдануын ескере отырып, жыл соңына дейін заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі 13 заң күшіне енеді.


Ресейде орыс тілін білмейтін мигранттардың балаларына мектепте оқуға тыйым салынады

ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Биліктің ұйғарымынша, бұл қаулы көші-қон саласындағы мәселелерді шешуге көмектеседі, деп жазады ulysmedia.kz.

Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин 13 қарашада пленарлық отырыста әкімшілік кодекстегі көші-қон саласындағы заң бұзу фактілері бойынша нормаларға енгізілетін өзгерістер жобасын екінші оқылымда қарау жоспарланғанын айтты.

Осы заң жобасының қабылдануын ескере отырып, жыл соңына дейін заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі 13 заң күшіне енеді.

Қаулы жобасы бойынша мигранттардың балаларын мектепке қабылдау кезінде орыс тілін білу тестінің нәтижесін қарау ұсынылады. Орыс тілін білетінін растамай, жалпы білім беретін ұйымдарға оқуға түсуге тыйым салу жоспарланған.