Ресейде сібір жарасы тіркелді

0
410

Сондықтан тұтынатын етті мұқият тексерістен өткізген жөн дейді мамандар.


Ресейде сібір жарасы тіркелді

ERNUR.KZ. Ресейде Сібір жарасын жұқтырған бірнеше адам тіркелді. Алғашында Чувашияда бір отбасыдан жұқпалы ауру анықталып, 130 адам карантинге жатқызылды, деп жазады zakon.kz.

Соңғы күндері Мәскеу облысында екі тұрғыннан қауіпті инфекцияның белгілері байқалған. Ауру фактісі анықталғаннан кейін тергеу комитетінде іс қозғалып, ветеринариялық заңнаманы бұзғандар анықталуда. Індет адамнан адамға жұқпайды, бірақ жануарлардан жұқтыру қаупі жоғары.

Сондықтан тұтынатын етті мұқият тексерістен өткізген жөн дейді мамандар.

"Сібір жарасы инфекциясы адамдардың немқұрайлылығынан ушықты. Чувашия тұрғындары инфекцияны жұқтырған. Бұқаны сойып, етін сатқан. Осылайша түгел көршісін жұқтырған. Салдарынан індет таралды. Аймақта карантин жарияланды."Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист