Ресейдегі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

0
539

Зардап шеккендер бар.


Ресейдегі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Ангарскідегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, қайтыс болғандар жоқ, деп жазады zakon.kz.

Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзевтің айтуынша, Ангарскідегі АНХК өндірістік алаңының технологиялық қондырғысында қатты өрт шыққан.

Өрт аумағы шамамен 2500 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау ауыздықталды. Өртті сөндіруге 100-ден астам адам мен 25 техника жұмылдырылды.

Облыс губернаторы оқиғаның жергілікті инфрақұрылым жұмысына әсер етпегенін, Ангарск тұрғындарына қауіп төніп тұрмағанын нақтылады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендердің бірі орташа ауырлықта ауруханаға жатқызылды. Тағы үш жаралыға амбулаторлық көмек көрсетілді.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға Ресей ғылым академиясының Байкал геофизикалық қызметінің жабдығы анықтаған сейсмикалық белсенділік себеп болуы мүмкін. Көптеген тұрғындар оны жер сілкінісі деп қабылдады, белсенділік уақытында жарылыспен сәйкес келеді.