Ресейдің Краснояр өлкесінде оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар тоқтады

0
921

Жарылыс орын алған аудан аумағында төтенше жағдай режімі енгізілген.


Ресейдің Краснояр өлкесінде оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар тоқтады

ERNUR.KZ. Ресейдің Краснояр өлкесіндегі әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тоқтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Екі сағат бұрын жарылыстар естіліп жатқан еді, қазір - жоқ. Жарылыстар тоқтады», - деп мәлім етті ТАСС агенттігіне Ачинск қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 5 тамыз күні Краснояр өлкесінің Ачинск ауданында артиллериялық снарядтарға арналған оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Жарылыстар салдарынан 11 адам зардап шекті. 20 шақырым радиуста халықты эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Ал Ачинск ауданының аумағында төтенше жағдай режімі енгізілді.