Ресейдің Ростов облысында изолятор қызметкерлерін кепілдікке алғандардың көзі жойылды

0
704

Кепілге алынғандар босатылды.


Ресейдің Ростов облысында изолятор қызметкерлерін кепілдікке алғандардың көзі жойылды

ERNUR.KZ. Ресейдің Ростов-на-Дону қаласының изоляторында мекеменің екі қызметкерін кепілге алғандардың көзі жойылды, деп жазады inform.kz.

ТАСС агенттігіне Ресейдің Жазаны орындау федералдық қызметі мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кепілге алынғандар босатылды, олар зардап шеккен жоқ.

«Ресейдің Жазаны орындау федералдық қызметі мемлекеттік мекемесінің изоляторынан кепілдіктегі адамдарды босату үшін ұйымдастырылған арнайы операция барысында қылмыскерлердің көзі жойылды. Кепілдіктегі қызметкерлер аман-есен босатылды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Ресейдің Ростов облысында изоляторда отырғандар екі қызметкерді кепілдікке алғанын жазған болатынбыз.