Ресейлік танкистер Кременная маңындағы Украинаның бекініс пунктін жойды

0
619

Модернизацияланған Т-90М "Прорыв" танкі Орал көліктік машина жасау конструкторлық бюросында әзірленді.


Ресейлік танкистер Кременная маңындағы Украинаның бекініс пунктін жойды

ERNUR.KZ. Башқұртстаннан келген еріктілерден жасақталған ресейлік Т-90М "Прорыв" танктерінің экипаждары арнайы әскери операция аймағында қарсы тараптың бекінісіне соққы берді, деп жазады sputnik.kz.

Хабарламада Кеңес Одағының батыры, танкист Сергей Зорин атындағы Башқұрт ерікті танк батальонының Орталық әскери округінің әскери қызметшілері Украина қарулы күштері орналасқан аумақты және Серебрянск орман шаруашылығындағы оқ-дәрі қоймасын қиратқаны баяндалған.
"Жабық атыс позицияларынан әрекет еткен Т-90М "Прорыв" танктерінің экипаждары украин әскерилері орналасқан барлау аймағына бірнеше рет оқ жаудырды", - деп хабарлады әскери ведомстводағылар.
Нысаналардың координаттарын танкистерге нақты уақыт режимінде Башқұртстан Республикасының тұрғындарынан жасақталған "Айгир" барлау тобының әскери қызметкерлері майдан шебінен жеткізді, деді ведомстводағылар.
Қорғаныс министрлігі хабарлағанадй, ресейлік негізгі Т-90М "Прорыв" жауынгерлік танкі кеңестік Т-90 танкінің модернизациясы болып табылады.