​Ресейдің БАҚ-тарына сенбейтіндердің қатары өскен

0
1 134

Орталық Азия халықтарының тең жартысы «Спутник» журналистерінің көбінесе жалған ақпарат тарататындығын алға тартқан. Бір сөзбен айтқанда бұл ақпарат құралына сенбейтіндіктерін білдірген.


​Ресейдің БАҚ-тарына сенбейтіндердің қатары өскен

Ресейдің онлайн ақпарат тарататын «Спутник» медиа-орталығының ақпарат тарату сапасы жайлы орталық Азия халықтарының арасында сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ central.asia-news.com-ға сілтеме жасап.

Нәтижесінде орталық Азия халықтарының тең жартысы «Спутник» журналистерінің көбінесе жалған ақпарат тарататындығын алға тартқан. Бір сөзбен айтқанда бұл ақпарат құралына сенімсіздік білдірген.

Сәуір айындағы сауалнама нәтижесі бойынша 264 оқырман, яғни 34 пайызы сенім білдіретінін айтып «иә» деп жауап берсе, 377 оқырман, яғни 48 пайызы «жоқ» деп жауап берген. Ал 63 оқырман тақырыбына байланысты дегенді айтса, 58 оқырман «Спутник» деген ақпарат тарататын орталықтың бар екенінен хабарсыз екені анықталған.

Сауалнаманың басым бөлігі қазақстандықтардың арасында жүргізілді. Ал Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстандық оқырмандар да сауалнамаға жауап берген.