Садыр Жапаров 2026 жылға дейін шенеуніктердің айлығын көтеруге тыйым салды

0
304

Бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданған.


Садыр Жапаров 2026 жылға дейін шенеуніктердің айлығын көтеруге тыйым салды

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мораторий енгізді. Тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды, деп жазады inform.kz..

Тыйым 2026 жылға дейін енгізілген. Атап өтілгендей, бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданған.

Мемлекеттік ведомство, комитеттер, президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тыйым салынып отыр.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың штат санын кеңейтуге де рұқсат жоқ.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, сондай-ақ штат құрылымын өзгерту ерекше жағдайларда мемлекет басшысының жеке шешімімен мүмкін болады.

Мораторий қызметін Президент пен Министрлер кабинеті шешімдерінің орындалуын бақылау бөлімі қадағалауы тиіс.