Зардап шеккендердің 18-і қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, оның 5-і ауыр жағдайда.
ERNUR.KZ. Санкт-Петербургтегі университет жанындағы кафеде жарылыс болды, соның салдарынан 30 адам зардап шегіп, блогер мен әскери тілші Владлен Татарский көз жұмды, деп жазады stan.kz.
Зардап шеккендердің 18-і қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, оның 5-і ауыр жағдайда. Тағы бесеуіне медициналық көмек көрсетіліп, содан кейін оларды үйлеріне жіберді.
"Жарылғыш құрылғыны 1997 жылғы Санкт-Петербург тұрғыны әкелген деп күдіктелуде. Есімі – Дарья Трепова. Құқық қорғау органдары жарылғыш заттың қуаттылығы 200 г тротил екенін көрсетті. Владлен Татарскийдің шығармашылық кеш кезінде берілген мүсіні қолында тұрғанда, жарылған", – делінген хабарламада.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті бұрын Ресей Федерациясының аумағында экстремистік деп танылған ұйымның ақшасын аударғаны белгілі. Ал 2022 жылдың ақпанында Дарья мен оның күйеуі соғысқа қарсы митингілерге қатысқаны үшін ұсталды. Қазір жұбайы іздеуде.
Куәгерлердің айтуынша, күдікті өзін Настя деп таныстырып, мүсінді өзімен алып шыққысы келді. Бірақ рұқсат берілмегесін, кіре беріске тастап кеткен. Алайда кейінірек Татарскийдің өзі оны әкелуге рұқсат берді.
"Олар мүсінге дулыға кигізген. Бұл – дулыға киген алтын бас. Бәрі таңдана қарап, еш арам ойсыз артқа қойды. Владоен тағыбірдеңе сұрай бастаған кезде ол кенеттен бәрі жарылды", – деді куәгер Алиса Смотрова.