Есірткі заңсыз Коста-Рикадан жеміс әкелетін компания арқылы жүзеге асырылып отырған.
ERNUR.KZ. Испанияның құқық қорғау органдары Латын Америкасы елдерінен есірткі контрабандасындағы қылмыстық топтың 16 мүшесін тұтқындады, дпеп хабарлайды ktk.kz.
Аталмыш топ есірткі контрабандасымен айналысқан. Есірткілер Коста-Рикадан жеміс әкелетін жергілікті компания арқылы жүзеге асырылды.
Жыл бойы жалғасатын халықаралық арнайы іс-шара аясында португалиялық және америкалық тергеушілер де тартылған. Испан билігі есірткі сатумен айналысатын 20-дан астам үйді тапты. Іздестіру барысында қару-жарақ, қымбат автокөліктер, 300 мың еуродан астам ақша және 6 тонна кокаин табылды.
Есірткі Малага қоймасында банандар қорабында жасырылған.