Семіз әйелдер автобусты жалға алып, іш киіммен қаланы аралады

0
1 478

Оларды көрген тұрғындар таңғалысын жасырмады.


Семіз әйелдер автобусты жалға алып, іш киіммен қаланы аралады

ERNUR.KZ. Бір топ семіз әйел Лондонды іш киіммен аралаған, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Instagram-аккаунтында журналист, блогер Эмили Кларксон жазба қалдырған.

Айтуынша, олар әлемдегі семіз әйелдерді қолдау үшін осындай қадамға барған. Сонымен қатар олар семіз әйелдерге арналған Curvy Kate іш киім брендінің он жылдық мерейтойы атап өтті.

"Қазір барлық бренд кез келген әйелдің, сымбаты қандай болса да, құрметтеуге тұрарлық екенін мойындады. Бүгін біз адамдарға әдемі сымбатымызды көрсеттік. Биледік, күлдік, жарқырап жүрдік. Ал, жаяу жүргіншілер тоқтап, бізді тамашалап тұрды, амандасып жатты", - дейді Кларксон.

Блогер бұл әдістің оған дем бергенін айтты. Журналистердің бөлек, акцияға бірнеше қыз қатысты. Олардың бәрі аталған брендтің іш киімін киді.