Шекарадағы қақтығыс: Тәжікстан қайтыс болған адамдардың санын жариялады

0
1 481

Сыртқы істер министрлігі таратқа мәліметке сәйкес, 16 қыркүйекте Қырғызстанның әскерилері жедел жәрдем көлігіне оқ жаудырды.


Шекарадағы қақтығыс: Тәжікстан қайтыс болған адамдардың санын жариялады

ERNUR.KZ. Қырғызстанның брондалған техникасы мен ұшқышсыз аппараттары жасаған шабуыл кезінде Зумруд и Овчикалъача джамоаттарында 25 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 20 адам жарақат алды, деп жазады Sputnik Тәжікстан.

Сыртқы істер министрлігі таратқа мәліметке сәйкес, 16 қыркүйекте Қырғызстанның әскерилері жедел жәрдем көлігіне оқ жаудырды. Бұдан бөлек, сол күні Овчикалъачеде орналасқан №8 мектепке соққы жасады.
"Қырғызстанның әскерилері Исфара қаласы, Чилгази джамоатындағы Богдори ауылында тәжік тұрғындарының 16 үйін өрттеп жіберді. Сол жерде тонау мен қарақшылықпен айналысқан", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Тәжікстан жағында зардап шеккендер туралы нақты ақпарат болмаған.
17 қыркүйекте Sputnik Тәжікстан Лахшск ауданында 4 адамның жарақат алғанын хабарлады. Жексенбі күні аурухананың бас дәрігері мен оның әріптесіне оқ тиген. Екеуі де қайтыс болды.
Ал Қырғызстан Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қақтығыста 36 Қырғызстан азаматының қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, 129 қырғызстандық зардап шекті.