Әуе кемесінің ішінен күйген сымның иісі шығып тұрған.
ERNUR.KZ. Бүгін Шереметьево әуежайында тағы бір "Суперджет" ұшағының жолаушылары эвакуациялағаны туралы ақпарат пайда болды деп, жазады kaz.nur.kz.
Анықталғандай, Мәскеу-Рига рейсі кеше сағат 11:00 шамасында ұшып шығуы керек болған. Алайда, рейс орындалмаған.
Оқиғаның себеп-салдарын анықталғанша, жолаушыларды лайнерден қауіпсіз жерге шығару туралы шешім қабылданған.
Еске сала кетейік, бұған дейін бесінші мамыр күні Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100-95B ұшағы өртеніп кетті.
Мәскеуден Мурманск қаласына ұшып шығып, қайта оралған 78 жолаушының 41-і қаза тапты.